Мемлекеттік туды ғимараттарға орнатуға болады

Қазақстандықтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін еліміздің мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

Алматы, NEGE. 27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.

4-тармақтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары» туралы бірінші бөлігі енді мынадай:

«Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады», – делінген қаулыда.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті