Мемлекеттік шекараларда бақылау қалай?
Қазақстанның мемлекеттік шекараларында санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Бұл сұрақ бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімет берді.
Алматы, NEGE. «Өздеріңіз білетіндей, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес 6 қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекараларында санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары күшейтілді. Бұл – әуе мен автокөлік қозғалысы бойынша шектеу. Осылайша бүгінге дейін 73 591 азамат (қазақстандық және шетелдік азаматтар) автокөлікті өткізу бекеттері арқылы өтті. Олардың ішіндегі жолаушылар – 21 279 адам. ПТР-анықтамасы жоқ азаматтар екі күндік карантинге жатқызылды. Ондай санаттағы жолаушылардың саны – 5967 адам болды. Олардың ішінде 122 адамнан коронавирус анықталды», – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.