Мемлекеттік органдардың сайттарына хакерлік шабуыл жасалды
eGov,kz және Е-лицензирование порталына хакерлер шабуыл жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алматы, NEGE. Интернеттің шетелдік сегменті мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар ресурстарын нысанаға алған. Яғни, хакерлер DDoS бағдарламасының әрекетімен «электронды үкімет» порталдарына нұқсан келтірді. Бұл туралы «Мемлекеттік техникалық қызмет» мекемесінің ресми сайтында жарияланды. Мемлекеттік сектордың интернет-ресурстарына жасалған хакерлік шабуыл әлемнің 48 еліндегі 550-ден астам IP-мекенжай бойынша жүргізілгені белгілі болды.