Мемлекеттік мекемелер жасы үлкен жұмысшыларды демалысқа жіберіп жатыр

Тәжікстанның мемлекеттік мекемелері жасы үлкен және зейнет жасындағы жұмысшыларды жалақысыз демалысқа жіберіп жатыр.

Алматы, NEGE. Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Хасан Холикзоданың Озоди радиосына айтуынша, «60 және одан жоғары жастағылар демалысқа шықты. Мұндай шара коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қабылданды».

Шенуніктің айтуына қарағанда, жұмысшылар өзін жайсыз сезінсе, онда олар дәрігерге қаралып, денсаулығына байланысты демалысқа шығуы керек.

Тәжікстан елде коронавирус тіркелгенін биыл 30 сәуірде жариялады. Денсаулық сақтауминистрлігінің мәліметі бойынша, республикада 8939 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 7714 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек