Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Алматы, NEGE. Мемлекеттік күзет қызметінің басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.

МКҚ-ның ендігі міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жарлық 3 тамызда күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы