Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы қандай деңгейде өседі?

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов оңтайландыру шаралары нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер еңбекақысы қандай көлемде өсетінін айтты.

Алматы, NEGE. «Штаттың санды оңтайландыру ықшамдау мен бизнес-процестерді автоматтандырумен қатар жүреді. Сонымен қатар бірқатар басқарушы буынды қысқарту ұсынылады», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ынталандырушы фактор ретінде төменгі бөлімдердегі қызметшілердің еңбекақысы өсетінін жеткізді.

«Өткен жылы төменгі лауазымдардың еңбекақысы 25 процент артқан еді. Штаттық санды оңтайландыру арқасында орташа есеппен еңбекақыны тағы 15 процент арттыру мүмкіндігі болады», - деді Руслан Дәленов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты