Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин 'Екінші республика' ұғымының мағынасын түсіндірді
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 'Екінші республика' туралы пікірін түсіндірді.
Алматы, NEGE. "Президент Алматы тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз сөзінде "Екінші республика" деген жаңа анықтаманы қолданды. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл ұғым қандай мағына білдіретінін және оның бұрын айтылған "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасына қандай қатысы бар екенін білгісі келеді. Шын мәнінде, бұл екі идеологеманың мәні бір, тек акцент әртүрлң қойылады", - деп жазды Қарин Telegram-да.
Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан - еліміздің болашағының бейнесі.
"Ең алдымен, әңгіме қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы болып отыр. Тиісінше, бұл қаңтар оқиғаларынан кейін немесе Жолдаудан кейін бірден жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді. Президент "Жаңа Қазақстан" концептін ұсынып, ұлттық құрылыстың жаңа мақсатын белгіледі. Жаңа Қазақстанды бір сәтте, бір түнде құру мүмкін емес. Бұл - қоғамдық қайта құрудың терең әрі ұзақ процесі", - деді ол.