Мемлекеттік білім грантына құжат тапсыру мерзімі 26 шілдеге дейін ұзартылды

Қазақстанда мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау мерзімі тағы бір күнге созылады.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 25 шілдеде аяқталады деп жоспарлаған болатын.

«Алайда талапкерлерден құжат қабылдау мерзімін ұзарту туралы өтініштер келіп түсті. Өйткені құжат тапсырудың соңғы күні жексенбіге келеді. Осыған байланысты БҒМ құжат қабылдауды тағы бір күнге – 26 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Құжаттар жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.

Талапкерлердің денсаулығын қорғау мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олардың көмегімен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн форматта тапсыруға болады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін