Мемлекеттік басқару академиясының базасында HR институты құрылады

Елімізде мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің әлеуетін күшейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Алматы, NEGE. Ол үшін Мемлекеттік басқару академиясының базасында HR институтын құру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов хабарлады.

«Бұл институт цифрландыру, таланттарды іздеу, ассессмент, HR-оқыту және сертификаттау, сондай-ақ персоналды дамыту мәселелерімен айналысады. Персоналды басқару қызметкерлерін кәсіби оқыту және сертификаттау көзделуде, сондай-ақ оларды операциялық процестерден барынша босату үшін «Е-қызмет» жүйесінде барлық процестер цифрландырылды», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады