Мемлекеттік балабақшалар толығымен қазақ тіліне көшуі мүмкін
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Ол қазақ тілді балабақшаға сұраныстың артып жатқанын атап өтті.
«Бүгінде елімізде 11 мыңнан астам балабақша бар. Оның жартысы – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беретін мекемелер. Біз қазақ тілді балабақшаға сұраныстың артып жатқанын байқап отырмыз. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім департаменті барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тілінде тәрбие беруге көшіру жағын қарастырып жатыр»,- деді министр.