Мемлекетке 4,5 млрд теңге залал келтірген: OrdaMed басшылығы қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фармацевтика саласындағы қылмыстық схема әшкереленгенін хабарлады.

Видеодан кадр/ҰҚК

Астана, NEGE. ҰҚК мәліметінше, OrdaMed басшылығы жалған құжаттар арқылы заңсыз преференциялар алған.

«OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған», – делінген ресми ақпаратта.

Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген.

Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Тінту шаралары барысында OrdaMed АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленіп, Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы қатысу үлестеріне тыйым салынған.

«Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды», – деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты