Мемлекет қызметкерлерін жаппай қысқарту күтіп тұр

Қырғызстанда жаңа премьер-министрлік пен мекеме қызметшілерінің жартысынан көбі қысқартылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Парламент Үкіметтің жаңа құрамын бекітіп қойды. Қырғыз елінде қандай әкімшілік өзгерістер болады?

Қырғызстанда бұған дейін министрлік, мемлекттік агенттік және түрлі қорлардың саны 28 еді. Үкіметтің жаңа басшысы елге соларың 12-сі жеткілікті деп шешті. Қысқарту арқылы бір ведомствоға бірнеше жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, Қаржы министрлігі Ұлттық экономика мәселелерімен айналысады. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне ерекше мәртебе беру көзделген.

Елде әскери саладағы бас штаб Қорғаныс минситрлігі болып қайта құрылады. «Бұл шешім армияның дайындығы мен санына еш әсер ете қоймас», - дейді сарапшылар. Ал өзге министрліктерге келетін болсақ, шененуніктерді жаппай қысқарту күтіп тұр. Яғни елдегі 18 мың мемлекеттік қызметшінің басқа жұмыс іздеуіне тура келеді деген сөз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр