Мемлекет грантына монша ашқан кәсіпкердің ісі сотқа жолданды

Мемлекет берген грантын қайтарып алмақ. Сарыағаштан солтүстікке көшіп барып, монша ашқан жігітің шақшадай басы шарадай болды.

Алматы, NEGE. Тиыннан тиын құрап, адал еңбекпен күн көрем деген Ғани Жүсіпбековтің енді сотқа күні түсті.  Мемлекеттен ақшаны алуын алған, моншаны да тұрғызған, ісін де дөңгелетіп отыр. Енді не керек?   Ғани Жүсіпбеков 2016 жылы отбасымен оңтүстіктік өңірден солтүстікке қоныс аударған. Алғашқыда Бексейіт ауылында тұрып, жергілікті шаруашылықтардың бірінде механизатор болып жұмыс істеген.

Алайда жалақысы аз болған соң аудан орталығына көшіп, өз ісін бастаған. Азамат кәсіптен нәсіп табамын деп, «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған. 2 миллион 400 мың теңгеге жуық қаражатқа Мамлютка қаласынан жалпы аумағы 36 шаршы метрді құрайтын монша тұрғызыпты. Бірақ бастаған ісі аяқсыз қалуы мүмкін.