Мемлекет басшысының Түркияға мемлекеттік сапары аяқталды
Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті. Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады.