Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.

Алматы, NEGE. Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін