Мемлекет басшысы жаңа шешім қабылдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Алматы, NEGE. "Кеңесте мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды", – деп жазды Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.