Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады. Қазақстан Президенті өз сөзінде барлық сын-қатерлерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды екенін де атап өтті.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді