Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Президент қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселесі бойынша заңға, сонымен қатар экологиялық құқықбұзушылық және вандализм үшін жауаптылықты күшейту туралы заңға қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр