Мемлекет басшысы Швейцарияға келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ.

Сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр», – деп жазды Б.Уәли.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде