16 октября 2022 г. 10:45

Мемлекет басшысы шаруаларды құттықтады

Фото:

16 қазанда Қазақстанда Нан күні атап өтіледі. Мерекелік күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен белгіленді, деп жазды  ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық мамандардың: нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың жоғары мәртебесін нығайтуға арналған.

Жаппай егін жинау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диханшыларды құттықтап, денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

«Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сіздер еліміздің игілігі үшін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде істеп жатқан еңбектеріңіздің бағасы ұшан-теңіз. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Мерейлі мереке - Нан күні құтты болсын!» –делінген хабарламада.

Тегтер: