Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованы құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славянский базар» байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Алматы, NEGE. «Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.

Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?