Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда

ның ресми сайты.

Астана, NEGE. Президенттер екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Екіжақты сауда-саттықтың қарқынын сақтау үшін екі ел үкіметтері арасында ең маңызды тауар түрлері бойынша ықпалдастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің барысы туралы мәлімет берді. Украинаның бейтараптық, блоктардан тыс, ядролық қарусыздық мәртебесіне қатысты уағдаластыққа қол жеткізудің аса маңыздылығы жөніндегі ортақ түсіністік туралы айтылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді