Мемлекет басшысы пандемиядан қаза тапқандарды аза тұтты

13 шілде Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Алматы, NEGE. Бүгін түнде Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді. 

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланады. 

Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен басқа да лауазымды тұлғалар коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 375 адам қайтыс болған.  

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған