Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының "Джинна" халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды