Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен келіссөз өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Ақорда сарайында Қазақстан астанасына мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Шығыс залында шағын құрамда келіссөз өткізді.