Мемлекет басшысы Непал Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал Президентіне және халқына көңіл айтты.

Астана, NEGE. «Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Ғазиз Әбішев: Қазақстан мен Түркия бір-біріне не үшін қажет?

Науқастарға шуға шыдауға тура келеді: Астанада аурухана жанындағы құрылыс жалғасады

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды