Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.

  Алматы, NEGE. Кездесуде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, сондай-ақ түрлі салаларда жаңа технологиялар мен инновациялар әзірлеуге баса мән берілді.