21 июля 2022 г. 17:02

Мемлекет басшысы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы музей-үйіне барды

Фото:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Алматы, NEGE. Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған.

Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды.

Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000. Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

Тегтер: