Мемлекет басшысы маңызды заңдарға қол қойды

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін екі заңға қол қойды», деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен. Бұл жөнінде ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысы «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.

Сонымен қатар «мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Моңғолия мемлекеті арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды».

Еске сала кетсек, аталмыш екі заңды да сенат 12 желтоқсанда қабылдаған болатын.

ҚР сенаты қабылдаған «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңы Ресейге жалға берілген «Байқоңыр» ғарышайлағының 11,6 мың га жерін қайтаруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы