Мемлекет басшысы Қалмұхамбет Қасымовты қызметінен босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұхамбет Қасымовты Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәли хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді», – делінген хабарламада.

Қ.Қасымовтың бұл отставкасы жоғарғы билік өкілдерінің аңдуға түсуіне қатысы бар ма, жоқ па, бұл жағы әзірге белгісіз.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған