Мемлекет басшысы Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады

Президент Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады.



Астана, NEGE.  «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады», – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетсек, елші Қазақстанның атауын өзгертуге және даулы жер-су атауларынан құтылуға шақырған еді.