Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

Израиль тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Алматы, NEGE. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылады. Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр