Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды