Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады

Президент өз инстаграм-парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтады.

Алматы, NEGE. – Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!

Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.

Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр