Мемлекет басшысы Дәулет Тұрлыхановты қабылдады 

Мемлекет басшысы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады.


Елорда, NEGE.
Кездесу барысында Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа федерацияның бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, Дене шынықтыру және спорт саласын өркендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ балуандардың 2024 жылы өтетін Жазғы олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады. Сонымен қатар кездесуде жастардың өзекті мәселелеріне, соның ішінде оларды бұқаралық спорт түрлеріне тартуға, өңірлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға баса мән берілді. Осы ретте Мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін ілгерілету жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды