Мемлекет басшысы бүгін тағы үндеу жасайды

Бүгін кешке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы үндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Б.Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Бүгін сағат 20:30-дa Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасайды. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемалар туралы айтуды жоспарлап отыр».