Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенмен кездесті

Мемлекет басшысы Boehringer Ingelheim France компаниясының президенті Кристиан Вайзенді қабылдады.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық QazBioPharm холдингі мен Францияның Boehringer Ingelheim компаниясы арасында технологияларды беру туралы қол жеткізілген келісімнің маңыздылығын атап өтті.

Бұл Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының айтуынша, ветеринария саласын дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Президенті елімізде биотехнология кластерін құру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және осы саладағы отандық ғылыми сараптама жасау ісін дамыту үшін QazBioPharm ұлттық биофармацевтикалық холдингі құрылғанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі