Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкіміне сөгіс жариялады.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты

Қазақстандық альпинистер алғаш рет Альпідегі «Өлім қабырғасын» бағындырды