Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты. 

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр