Мемлекет басшысы Ашхабадқа барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады», – деп жазды Презденттің баспасөз хатшысы.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды