Мемлекет басшысы: «Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет

«Аманат» партиясына жаңа тұғырнама қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Алматы, NEGE. «Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Партия ішінде мұқият талқылап, келесі съезде бекітеміз», - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.