Мемлекет басшысы: Әбдіжәміл Нұрпейісов ұлт руханиятының көшбасшысы болды
Алматы тұрғындары аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ҰлыОтан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды.
Алматы, NEGE. Қаралы жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын оқып берді.
«Аса көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ҰлыОтан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің дүниеденөтуіне байланысты көңіл айтамын. Әбдіжәміл Кәрімұлы – сұрапыл соғысты бастан кешіп, елге оралғансоң, қазақ әдебиетін өркендетуге сүбелі үлес қосты.
Ұзақ жылғы шығармашылық қызметі жемісті болды. «Қан мен тер»трилогиясы, «Соңғыпарыз» дилогиясы сияқты туындылары сыншылармен оқырмандар тарапынан жоғары баға алды. Заман жүгін көтергенромандары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.
Әбдіжәміл Кәрімұлының жаңа белесті бағындырған қазақ әдебиетін шетелге танытуға сіңірген еңбегі орасан зор. Ол ұлт руханиятының көшбасшысы болды.
Әбдіжәміл Нұрпейісов адам жанын терең түсінетін, түрлі тағдырдыңбейнесін көркем суреттей отырып оқырманға жеткізген ойлы, кеңтынысты жазушы болатын. Өмір бойы қолынан қаламы түскен жоқ.Қазақ елінің рухани-мәдени саласын дамыту жолында өлшеусіз қызмет атқарды.
Ол ұлт классиктерінің жолын лайықты жалғастырған қуатты қаламгер.Солайша, өзі де қазақ әдебиетінің патриархына айналды.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтің соңында ұрпаққа үлгі, ұлысқа игілік болатыншығармалары қалды. Елге ес, сыртқа сес болған жазушының ендіекінші өмірі басталды.
Өнегелі ғұмыр кешіп, соңында мол мұра қалдырған ӘбдіжәмілКәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды.
Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», - делінген көңіл айту жеделхатында.