Мемлекет басшысы: 30 жылда 1500 кәсіпорын іске қосылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтады.

Алматы, NEGE. «Біз сапалаы өнім өндіріп, табысты жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдерін жыл сайын марапаттаймыз. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға барынша атсалысып жүрген іскер азаматтарға құрмет көрсетеміз. Сол арқылы жасалған еңбек пен шынайы табыстылықты дәріптейміз. «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 150-ден астам компания Президент сыйлығының иегері атанды», - деген Мемлекет басшысы биылғы салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін еске салды.

«Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналды. Бүгінде отандық бизнес еліміздегі индустрияландыру үдерісіне зор үлес қосуда. Соңғы 10 жылда өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып, 33 пайызға жетті. Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 820 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады», - деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады