Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

akorda.kz

Алматы, NEGE. Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады.

Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі.

Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды