Мемлекет басшысының Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Президентке әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде баяндалды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.

Жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізуге 4,3 миллиард теңге бөлінді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды