Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын «Аманат» партиясы ұсынады

Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын басқарушы саяси ұйым – «Аманат» партиясы ұсынады, деп хабарлады Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Sputnik

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады», – деді Берік Уәли.