Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі лауазымына жуырда тағайындалған Даурен Косановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

АСТАНА, NEGE. Кездесу барысында Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, армияның жауынгерлік дайындығын күшейту, басқару жүйесіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндіктерін кеңейту, әскери қызметшілермен жүргізілетін әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылып, бұл лауазымға Даурен Косанов тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр