Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.