Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорда

Астана, NEGE. – Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды