Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты.

Ақорда

Алматы, NEGE. Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.

Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне үміткер, 41 бірінші разрядты спортшы бар.

Президентке Жетісу облысындағы спорт инфрақұрылымының дамуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, қазір Алакөл ауданының Лепсі ауылында және Текелі қаласында дене шынықтыру кешендері, Панфилов және Сарқан аудандарында спорт кешендері салынып, Талдықорғандағы Орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар шағын ауылдарда бұқаралық спортты дамыту үшін модульдік кешендер салу қолға алынды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?